Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды

 

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды

2023 жылғы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.

 

 

 

 

Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің негізін қалаушы Абзал Ералиев Президентке кәсіпорынның табысты қызмет етіп, өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші мекемеге айналғанын жеткізді. Сонымен қатар өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

 

 

 

 

Президент «Абзал және К» шаруашылығының демеушілігімен салынған ауылдың орталық алаңын, спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешенінде жергілікті халық футбол, волейбол, үстел теннисі және күрес түрлерімен емін-еркін шұғылдана алады.

 

 

 

 

Мемлекет басшысы спорт кешенінде жеткіншектермен әңгімелесті.

­– Спортпен шұғылдану керек. Әсіресе, өздеріңіз сияқты жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі қажет. Себебі Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Жастардың дені сау болса, мемлекет те қуатты болады. Сыр елінен мықты спортшылар шыққан. Әлі де көптеген чемпиондар шығады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

Содан кейін Президент былтыр ғана бой көтерген «Еңбек аллеясында» еңбек адамдарымен жүздесіп, Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды.

 

 

 

 

– Шын мәнінде, еңбек адамдары халқымыз үшін ең қажет азаматтар. Ең алдымен, біз еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керек. Сіздер осы ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың жолын жалғап жүрсіздер. Сондықтан мен сіздерді қолдаймын,– деді Мемлекет басшысы.

Диқандар ауыл шаруашылығының дамуына айрықша мән беріп, мемлекет тарапынан қолдау шараларын көбейткені үшін Президентке алғыс айтты. Әсіресе, Су ресурстары министрлігін құру жөніндегі жаңалықты сыр бойының диқандары қуана қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар олар ауылда жастарға жайлы жағдай жасалғанына, жас мамандардың ел ішінде қызу еңбек етіп жатқанына тоқталды.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарымыздың еңбекқор, ұқыпты, отансүйгіш болуы керек екенін және оларға әрқашан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 

 

 

 

 

– Ауылда жастардың жұмыс істеуіне, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған. Осындай ауылдарды көбейтуіміз керек. Оған шамамыз да, қаражатымыз да жетеді. Кәсіпкерлермен кездескенімде елді мекендерге қаржы салып, көмектесу керек деп үнемі айтып келемін. Нағи Ілиясов басқа ауылдарға да үлгі болуы қажет. Сондықтан өзге облыстар да ауылдарды осылай дамытады деп ойлаймын,– деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-nagi-iliyasov-auylyna-bardy-109445

 

 

 

Yayın Tarihi: 11 Ekim 2023

Son Güncelleme: 10 Ekim 2023

DÜNYA