Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына барды https://t.co/OtSKTucNy4 pic.twitter.com/yWl14uiB6F
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 21, 2023
Жаңалықтар
Жұмыс сапарлары
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына барды
2023 жылғы
Президент «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ) акционерлік қоғамына барып, Соколов кен орнының жұмысымен танысты.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері – темір рудаларын ашық және жер астында өндіру, құрамында темірі бар шекемтастар мен концентраттар және тауарлық доломит өндіру.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 26 миллион тонна кен өндірілді, тауар өнімінің көлемі 10 миллион тоннадан асты.
Кен орнында Президентке «Еуразиялық топ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Серік Шахажанов ыстық брикеттелген темір өндірісі жобасын және кен орнын басқарудың автоматтандырылған жүйесін таныстырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» Еуропаға экспорттайтын өнімдерін ұлғайту жоспары туралы мәлімет берілді.
Президент тау-кен өндіру секторы отандық экономиканың өсімін артыратын негізгі саланың бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы тау-кен өндіру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорын жұмысшыларына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kostanay-oblysyna-zhumys-sapary-ayasynda-sokolov-ken-ornyna-bardy-2102633
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына барды https://t.co/OtSKTucNy4 pic.twitter.com/yWl14uiB6F
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 21, 2023