Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

2022 жылғы
Кездесуге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдула Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамұрат Гелдімурадов және ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

Президент ТМД елдері делегацияларының басшыларына ілтипат білдіре отырып, экономикалық серіктестікті кеңейту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Жуырда ТМД-ға мүше елдердің басшыларының Саммиті өтті. Біз өзара ынтымақтастықты арттыруға, экономиканың әлеуетін нығайтуға деген ортақ ниетімізді білдірдік, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісе түскен геосаяси қайшылықтарға, әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аудара отырып, бірқатар тиімді шара қабылдауға шақырды.

– Бұл ретте өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді жүзеге асыру ісі жалғасты. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады, – деді Президент.

 

Мемлекет басшысы кедергілерді жоюға, протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарттар қалыптастыруға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екенін жеткізді.

– Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Астанада өтіп жатқан ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы Достастыққа мүше елдердің алдында тұрған міндеттерді шешуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-tmd-ukimetteri-basshylary-kenesinin-mushelerimen-kezdesti-2895753

 

 

Yayın Tarihi: 29 Ekim 2022

Son Güncelleme: 28 Ekim 2022

SİYASET