Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.
Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kyrgyzstan-prezidenti-sadyr-zhaparovpen-telefon-arkyly-soylesti-63040
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті https://t.co/g1GeAU9uAK pic.twitter.com/ebdlXs8wEr
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) April 6, 2022