Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне қатыстыhttps://t.co/xa0l3BVHKF pic.twitter.com/SFxbTyXQMQ
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) October 27, 2022
Жаңалықтар
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне қатысты
2022 жылғы
Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында өтіп отырған осы кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтті.
– Еуропалық Одақ Орталық Азияны терең тарихы мен ортақ мәдениеті бар біртұтас, ынтымағы жарасқан аймақ ретінде алғашқылардың бірі болып танығанын айтқым келеді. 30 жыл ішінде біздің Еуропалық Одақпен қарым-қатынасымыз айтарлықтай дамыды және Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігін, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын нығайтуға ықпал етті. Ынтымақтастықтың барлық басым саласында өңіраралық диалог орнады, әлеуетіміз әлі де мол. Бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесу – саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы конструктивті өзара байланыстарды одан әрі кеңейтуге деген ұмтылысымыздың айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Азия мен Еуропа құрлықтары шектесетін жерде орналасқан Орталық Азия геосаяси орталықтар мен әлемдік нарықтар арасындағы байланыстырушы көпір саналады. Сондай-ақ Президент өңіраралық өзара ынтымақтастықты кең ауқымда дамытуға деген ұмтылыс Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты диалогтың берік іргетасы болатынына сенім білдірді.
– Әлем жылдам өзгеріп жатыр. Орталық Азия бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленістен туындаған қауіпті сезінеді. Бүгінде Еуразия кіндігінде өзара сенім мен ынтымақтастық рухын күшейту өте маңызды. Осындай күрделі кезеңде Орталық Азия мен Еуропада орналасқан елдердің арасына қабырға емес, көпір салуымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты реттеуге қол жеткізу ісіне өз үлесін қосып отырғанын атап өтті. Осы мақсатта дипломатиялық күш-жігер жұмылдырылып, бұл елге гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті ынтымақтастықтың аса маңызды бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Бүгінде Еуропалық Одақ – Қазақстанның басты экономикалық әрі сауда серіктестерінің бірі.
– Соңғы он жылда Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттеріне 120 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Бұл, іс жүзінде, аймаққа тікелей салынған инвестицияның 40 пайызын құрайды. Бүкіл қаржының шамамен 70 пайызы Қазақстанға бөлінді. Биыл 8 айда Қазақстан мен Еуропалық Одаққа мүше елдер арасындағы сауда көлемі шамамен 30 миллиард долларға жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 40 пайыздан астам артты. Қазіргі таңда еуропалық капиталдың үлесі бар үш мыңға жуық компания Қазақстан экономикасының түрлі секторында жұмыс істеп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың құрылымы анағұрлым теңгерімді болуы керек.
– Қазақстан машина жасау, темір мен болат өндірісі, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы секілді салаларда жылына құны 1,5 миллиард долларды құрайтын 100-ден аса өңделген өнім ұсына алады. Азық-түлік қауіпсіздігінің келешегі мол. Өздеріңізге мәлім, жыл сайын шетелге, соның ішінде Еуропалық Одақ елдеріне 5 миллион тоннадан астам бидай экспорттаймыз. Тек былтыр Қазақстанның Еуропа елдеріне экспортталатын азық-түлік тауарларының көлемі 32 пайызға ұлғайып, 630 миллион доллардан асты. Осы себепті Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдері мен минералды тыңайтқыштарды жеткізуді жалғастыра алады. «Жасыл» энергетика – бұл бөлек мәселе. Біз бұл бағытта да тығыз жұмыс істей аламыз. Жалпы, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар кездесуде Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамұрат Гелдімурадов сөз сөйледі.
Жиын соңында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары және Еуропалық Кеңес Президенті бұқаралық ақпарат құралдары үшін Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-ortalyk-aziya-memleketteri-basshylarynyn-zhane-europalyk-kenes-prezidentinin-kezdesuine-katysty-279836
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне қатыстыhttps://t.co/xa0l3BVHKF pic.twitter.com/SFxbTyXQMQ
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) October 27, 2022