Президент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады https://t.co/64sPKgt8hH pic.twitter.com/kmFfwF1r99
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) March 10, 2023
Жаңалықтар
Ақорда
Президент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады
2023 жылғы
Кездесу барысында Мемлекет басшысына университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары баяндалды.
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, бүгінде университетте 24 мыңнан астам студент, соның ішінде әлемнің 54 елінен 2,8 мың шетелдік азамат білім алады. 542 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, ғылыми орталықтар мен ғылыми жобалар саны артқан. 2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді. Алматыда университет базасында МИФИ (Мәскеу) филиалы ашылды.
Президент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады https://t.co/64sPKgt8hH pic.twitter.com/kmFfwF1r99
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) March 10, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы көтерілгені туралы баяндалды. Сонымен қатар оқу ғимараттарына, зертханаларға, жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне екі жер учаскесі қайтарылды.
Президент университетті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті және жоғары оқу орнының халықаралық мәртебесін нығайтып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту қажет екеніне назар аударды.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-al-farabi-atyndagy-kazuu-dyn-rektory-zhanseyit-tuymebaevty-kabyldady-102842