Президент шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

Президент шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

DÜNYA 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

2022 жылғы

Мемлекет басшысы Chioda Technol Corp (Жапония) компаниясының президенті Атару Иноуимен, Лауэ-Ланжевен институтының (Франция) жетекші ғылыми қызметкері Валерий Несвижевскиймен және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Ресей) директоры Григорий Трубниковпен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстанның ядролық ғылым саласын дамыту перспективалары талқыланды. Шетелдік ғылыми ұйымдардың басшылары қазақстан тарабымен тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

 

Президент еліміздің атом энергиясын тек қана бейбіт мақсатта пайдалануды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр және ядролық отын түрлерін өзі өндіреді. Елімізде ядролық саланы ғылыми-техникалық тұрғыда қолдай алатын ғылыми мекемелер мен инфрақұрылым бар.

Әңгімелесу барысында олар Қазақстанда атом энергетикасын дамыту, заманауи ядролық технологияларды пайдалану, отандық білікті кадрларды даярлау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-sheteldik-gylymi-uyymdardyn-basshylarymen-kezdesti-3082512

Related posts