Президент Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

Президент Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

GÜNCEL 

 

 

Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Президент Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды
2023 жылғы
Ресей Федерациясы, Трубино деревнясы

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ржев округі Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды. Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2 мыңнан астам сарбаз жерленген. Олардың қатарында Президенттің ағасы – Қасым Болтаев та бар.

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-trubino-derevnyasyndagy-bauyrlastar-ziratyna-gul-shogyn-koydy-844757

 

 

Related posts