Мемлекет басшысы Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатыстыhttps://t.co/Th1Z2PGGnb pic.twitter.com/L8CcR6FWSd
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 21, 2022
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты
2022 жылғы
Қатар мемлекеті, Доха қаласы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» атты екінші Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты.
Аталған маңызды іс-шара «Bloomberg» агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды және шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің қамқорлығымен өткізіліп отыр.
Форум «Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі» тақырыбына арналған.
Форум жұмысына Мемлекет басшысынан бөлек Того Президенті Фор Гнассингбе, Намибия Президенті Хаге Гейнгоб, Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар министрі мен үкіметтерінің лауазымды тұлғалары қатысады.
Сонымен қатар форум сессияларына Honeywell, Asyad Group, Ислам даму банкі, Tesla, Qatar Airways, The Boeing Company, QatarEnergy, Kuwait Petroleum Corporation, Southwest Holdings, Accor, Marriott International, Tingo, National Petroleum Corporation of Namibia, MeTL Group, Volkswagen, Dorna Sports, International Airlines Group, Infarm, Vitol, Franklin Templeton, Тhyssenkrupp, Roubini Macro Associates, DAMAC Properties, Trip.com Group, Standard Chartered, Exxon Mobil Corporation, Google Cloud және басқа да халықаралық жетекші корпорациялар мен ұйымдардың басшылары жиналды.
Форумды Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни ашты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «In Conversation with President Tokayev» атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған. Оны «Bloomberg Television» жүргізушісі Манус Крэнни жүргізеді.
Қатар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсыну көзделіп отыр.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-katar-ekonomikalyk-forumynyn-ashylu-rasimine-katysty-2155813
Мемлекет басшысы Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатыстыhttps://t.co/Th1Z2PGGnb pic.twitter.com/L8CcR6FWSd
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 21, 2022