Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

2022 жылғы

Президентке Парламент Мәжілісінің спикері палатаның VII шақырылымының үшінші сессиясы аясында атқарып жатқан заң шығару жұмыстары туралы баяндады.

Қазіргі кезде азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және олардың банкроттығы, қоғамдық бақылау, тұрғын үй саясатын реформалау туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына және қоғамдағы басқа да өзекті мәселелерге қатысты заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.

Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс пен қайта құрылған Жоғары аудиторлық палата арасындағы өзара іс-әрекет механизмдері туралы мәлімет берді. Енді Парламент мүшелері орталықтан бастап нақты аудан, қала, ауылға дейінгі бөлінген бюджет қаржысын толық бақылай алады. Бұл барлық қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен тиімділігін сараптауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ спикер Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палатаның жұмысы туралы айтты. Оның құрамына депутаттар, сарапшылар, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Қоғамдық палатада әзірленіп жатқан заң жобаларын қоғамның сұранысы мен талап-тілегі тұрғысынан тұрақты түрде талқылау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Парламенттің төменгі палатасы жанындағы Қоғамдық қабылдаудың жұмысы туралы есеп беріліп, Мәжілістің қоғамға ашықтығын арттыру жөніндегі жобалары таныстырылды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-mazhilis-toragasy-erlan-koshanovty-kabyldady-8111928

 

 

Yayın Tarihi: 10 Aralık 2022

Son Güncelleme: 09 Aralık 2022

DÜNYA