Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады https://t.co/ciqETtvQVg pic.twitter.com/T0LGXA61az
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) February 20, 2023
Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
2023 жылғы 20 ақпан
Кездесу барысында Президентке Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.
Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:http://aqorda.kz/kz/memleket-basshysy-konstituciyalyk-sot-toragasy-elvira-azimovany-kabyldady-2013746