Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассерді қабылдады. https://t.co/giakkLXc7F pic.twitter.com/C7yCaVnFnG
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) July 24, 2022
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассерді қабылдады
2022 жылғы
Сауд Арабиясы Корольдігі, Джидда қаласы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып әзірлеген ел екенін еске салды. Алматыда 25 жылдан астам уақыт бұрын орналасқан аймақтық кеңсе Шығыс Еуропа елдерінде, ТМД, Монғолия және Қытайда банк операцияларын үйлестіреді. Бұл Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы жоғары маңыздылық пен өзара сенімді қарым-қатынасты білдіреді.
– Біз Банктің Қазақстан экономикасына көп жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалаймыз. Ислам даму банкі ынтымақтастық орнатқан жылдар ішінде еліміздегі экономиканың басым секторлары мен әлеуметтік жобаларға 1,6 миллиард доллардан астам инвестиция салды, – деді Мемлекет басшысы.
Әл-Джассер Мемлекет басшысына Банктің инвестициялар саласындағы саясат және алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде айтты. Оның айтуынша, Ислам даму банкі бизнес, қаржы салаларындағы жобаларға, сондай-ақ инфрақұрылым мен коммуникацияларды жаңғыртуға қаражат бөлуді жалғастыруға ниетті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-islam-damu-bankinin-prezidenti-muhammed-suleyman-al-dzhasserdi-kabyldady-2464414
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассерді қабылдады. https://t.co/giakkLXc7F pic.twitter.com/C7yCaVnFnG
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) July 24, 2022