Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады.
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

2022 жылғы

Президентке Агенттік қызметінің негізгі бағыттары мен бәсекелестікті дамыту механизмдерін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Марат Омаров Мемлекет басшысына негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар мен оларды жоюға бағытталған Агенттік қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы жүргізілген тергеу жұмыстарының аралық нәтижелері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметін жақсартуға, оның ішінде корпоративтік басқару элементтерін енгізуге, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты қабылданған операциялық шаралар туралы мәлімет берілді. Биыл 118 іс бойынша тергеу амалы аяқталды, 95 іс әлі қаралып жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тергеу амалдарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау және дамыту тәсілдеріне қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-basekelestikti-korgau-zhane-damytu-agenttiginin-toragasy-marat-omarovty-kabyldady-15114750

 

 

Yayın Tarihi: 16 Aralık 2022

Son Güncelleme: 16 Aralık 2022

DÜNYA